Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-6°C

, Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 03:45

Ел тәуелсіздігі жырға арқау болды

09.02.2021

992

0

Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен кіл жүйріктер жиналған Сырдағы айтыс аламанында республикаға танымал ақындармен қатар қызылордалық жас ақындар да сынға түсті. Жыр додасының ашылу салтанатында арқалы ақындарға қала әкімі сәттілік тіледі.

– Қызылордада дәл қазір ұлттық өнердің, айтыстың, Тәуелсіздіктің дүбірлі тойы басталмақшы. Бұл айтыс Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған ауқымды шаралардың бастамасы болмақ. Ұлттық өнерге сусап қалған ағайынды рухани серпілтіп, жыр көрігін қыздырыңыздар, – деді қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

Текті өнерді төрге оздырып, ұлт мұрасы ұлықталған жыр додасында құрдастар әзілі, жастық жалын, іні мен аға сыйластығы көрініс тапты.

Дүлдүлдер дүбірінің әділ бағасын жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, драматург Роза Мұқанова, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, “Қадыр Мырза Әли” атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры, белгілі айтыскер ақын Бауыржан Халиолла және ҚР мәдениет қайраткері, ақын, режиссер-сценарист Оңталап Нұрмаханов берді.

Тәуелсіздік тағылымын жастардың санасына сіңіру, азат елдің жарқын жетістіктерін кеңінен дәріптеу, рухани бай мұраны, қасиетті Отанды жырға қосуды мұрат еткен айтыс қорытындысында ІІІ орынды павлодарлық Рауан Қайдаров пен қызылордалық Ержеңіс Әбдиев қанжығасына байлады. Сөз бәйгесінің ІІ орыны өскемендік Серік Қуанғанға бұйырды. Арқалықтан келген Алаштың аяулы ақыны Айбек Қалиев пен атыраулық ақын Шалқарбай Ізбасаров І орынды өзара бөлісті. Ақмешіттегі айтыс аламанында бас жүлдені Ақтаудан ат басын бұрып, Сыр жұртының алдында сәтті өнер көрсеткен Нұрлан Мұсаев иеленді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: