Бүгін, 4 қазанда Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.
Ал, бүгін түнде Қызылорда облысының солтүстігінде опырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғады.
Атырау облысында да ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Өңірдің оңтүстік-шығысынан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.
Түркістан облысының солтүстігіндегі таулы аудандарында секундына 15-20 метр болатынжел күтіледі. Бұл облыста да түнгде 2 градусқа дейінгі үсік күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз желдің екпіні облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында секундына 15-20 метрге дейін жетпек.
Оралда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метр.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында 3 градус аяз күтіледі.
Ақтөбеде түнде 1-3 градус көлемінде үсік күтіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!