Синоптиктердің айтуынша, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік-шығыста және оңтүстік облыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін Қазақстанда тұман, көктайғақ болып, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.
Синоптиктер бірқатар өңірде дауыл болатынын ескертті. 29 қаңтарда оңтүстікте, Маңғыстау облысының орталығында көктайғақ күтіледі. Ақмола облысының батысында және оңтүстігінде, сондай-ақ Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Бүгін күндіз Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарында көктайғақ күтіледі. Оңтүстікте, таулы аймақтарда кей жерлерде тұман түседі.
Алматыда күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақытта тұман түсуі мүмкін.
Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыс орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с.
Қостанай облысының солтүстігі мен батысында тұман түседі.
Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында қар жауады. Солтүстікте оңтүстік-батыстан соғады, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20 м/с жел соғады.
Шымкентте кей уақытта қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түседі. Алакөл өңірінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен солтүстігінде тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деп болжанды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!