Енді Қазақстан азаматтары eGov.kz порталында банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан шексіз уақытқа өз еркімен бас тарта алады, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.
Айта кетері, бұған дейін сервис 6 ай мерзімге ғана бас тартуға мүмкіндік беретін. Бұдан былай кредиттер мен шағын қарыздарды ресімдеуге мерзімсіз уақытқа тыйым салуға болады.
«Өтінімді азаматтың өзі ғана бере алады. Сондай-ақ пайдаланушы кез келген уақытта несиелер мен қарыздарды алуға белгіленген шектеулерді алып тастай алады. Ол үшін eGov.kz порталында қызмет көрсетуді мерзімінен бұрын тоқтатуға өтінім беру қажет», – деп жазылған хабарламада.
Қызметті алу үшін:
eGov.kz порталында авторизациядан өтіп,»Кеден және салықтар» бөліміне өтіңіз;
тізімнен «Экономика және қаржы» бөлімін таңдап, «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» қызметін таңдаңыз;
қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз;
көрсетілетін қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады.
Бұрын белгіленген шектеулерді алып тастау үшін пайдаланушы:
«Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» қызметін таңдаңыз;
«Жазылудан бас тартқыңыз келе ме?» деген сұраққа «Иә» деп жауап беріңіз және қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен өтінімге қол қойыңыз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!