Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Сейсенбі, 03 желтоқсан, 22:10

Ер еңбегін елі еске алды

12.12.2023

2001

0

Өткен сенбіде қоғам қайраткері, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет» ордендерінің иегері, соғыс және еңбек ардагері, Қызылорда облысының және Жалағаш ауданының Құрметті азаматы Камал Бердәулетовтің 100 жылдығына арналған шара өтті. Шарада аудан әкімі Ардақ Ибраимов, облыстық және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары, мәслихат депутаттары, ардагерлер мен жауапты басшылар қатысып, Камал Әбдірәшитұлының жүріп өткен жолы дәуір тарихы екенін тілге тиек етті.

– 1923 жылы дүниеге келген Камал Әбдірәшитұлы бұ­ға­насы қатпай жатып еңбекке араласты. Қазан төңкерісінен кейінгі аласапыран, азамат соғысы, бай-болысты қудалау, кәмпеске, ашаршылық сияқты зұлматтар жасөспірімді тым ерте есейтті. Республика көлемінде жоғары қызметтерде болған әкесі Әбдірәшиттің 1937 жылдары қуғын-сүргінге ұшырауы да жас баланың өмірге көзқарасын қалыптастырып, қатайта түсті. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда он сегізге толған балаң жігіт 1942 жылы қолына қару алып, майданға аттанды. Майданнан аман-есен елге оралып, соғыстан әбден титықтаған халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарының бел ортасында жүрді. Аудандық партия комитеті майданнан оралған жас жігітті колхоз төрағасы қызметіне жіберді. Бұл қызметті абыроймен атқарған Камал Әбдірәшитұлы кейін Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы инспекциясының бастығы, Жалағаш, Қармақшы аудандарында атқару комитеті төрағасының орынбасары, Қармақшы өндірістік басқарма бастығының мал шаруашылығы жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 1963 жылы Жалағаш ауданында жаңадан құрылған қой өсіретін Аққыр совхозының директоры қызметіне тағайындалды, – деді аудан басшысы.
Аққыр ауылының негізінің қалануы Камал Әбдірә­шитұлының ауыл шаруашылығы саласындағы қызме­тінің, табыстары мен жетістіктерінің шыңы десек, қателеспейміз. Ол сол кездегі Аққыр совхозының негізін қалаушы ретінде тарихта қалды. Қай кезде де нөлден басталған жұмыстың қиындығы мен ауыртпалығы мол болатыны белгілі. Қы­зылдың қиясына Аққыр совхозының алғашқы қазығын қағып, шаруашылықты республикаға белгілі етуі Камал Әбдірәшитұлының еңбектегі ерен ерлігі іспеттес. Камал әкеміздің қаламынан туған «Іздегенге резерв көп немесе «Аққыр» ақиқаты», «Бұқарбай батыр», «Ата жұрт», «Ұрпағыма ұлағат» атты кітаптары жалпы оқыр­манның сүйіп оқитын дүниесіне айналды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: