Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

25°C

, Жұма, 30 мамыр, 23:11

Есет батыр ауылында ауыз су желісі жаңғыртылуда

29.05.2025

46

0

Кеше аудан әкімі Ардақ Ибраимов Есет батыр ауылына барып, елді мекеннің ауыз су желісін кеңейту және қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.

Есет батыр елді мекенінде ауыз су жүйесін жақсарту мақсатында кеңейту және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Жобаның жалпы құны – 381 231,3 мың теңге. Мердігер мекеме «Бақ Береке-2030» ЖШС.

Қазіргі таңда су жинау мұнарасы орнатылып, ішкі көру құдықтарын жаңарту жұмыстары басталды.

Аудан әкімі құрылыс жұмыстарын бақылап көріп, мердігер мекемеге жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді қатаң тапсырды.

@Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: