Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Сенбі, 23 қараша, 19:52

«Ештеңе өзгермейді»: министрлік жедел жәрдем жұмысы туралы мәлімдеме жасады

26.09.2024

249

0

Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем жұмысы туралы қаулы жобасына қатысты түсініктеме берді.

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем ережелеріне түзетулер жобасын дайындаған еді. Онда енді жедел жәрдем шұғыл емес шақыртуларға түнде бармайтыны айтылған.

Министрліктің ресми өкілі Әйгерім Оразалиева жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасының мазмұны қате түсіндірілгенін атап өтті.

Ресми өкілдің сөзінше, , жеделдікті жақсарту мақсатында IV санаттағы шақыруларды жұмыс уақытында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мобильді бригадаларға тапсырады.

«Бұрынғыдай 103 нөміріне қоңырау шалу арқылы барлық пациент шақырту санатына қарамастан толық көлемде медициналық көмек алады. Кешкі және түнгі уақытта, сондай-ақ демалыс күндері барлық санаттағы шақыртуға жедел көмек бригадалары қызмет көрсетеді. Осылайша, халық үшін ештеңе өзгермейді, бірде-бір шақырту назардан тыс қалмайды және пациенттерге қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасы одан әрі жақсарады», – деді Әйгерім Оразалиева.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: