Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:26

«Есірткісіз болашақ»: Үздік журналистер марапатталды

21.06.2023

367

0

 «26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орайластырылған айлық шеңберінде, сондай – ақ облыс тұрғындары арасында есірткіге қарсы насихат жүргізу және полицейлердің имиджін көтеру мақсатында Қызылорда облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан тілшілер арасында «Есірткісіз болашақ!» тақырыбында байқау ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты – нашақорлық пен есірткі қылмысының өзекті мәселелеріне қоғам назарын аудару, мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары және нашақорлық саласындағы маңызды іс-шаралар туралы халықты хабардар ету, есірткі қылмысының өзекті мәселелері бойынша материалдар жариялайтын журналистерді қолдау .

Жарысқа қатысушылар техниканың заманауи жетістіктерін қолдана отырып, өз ойларын нақты фактілермен нығайта отырып, айқын және дәлелді жеткізе алды. Тілшілер нашақорлық пен есірткі қылмысы проблемасын жариялай отырып, халықты, өскелең ұрпақты есірткісіз өмір туралы хабардар етуге өз үлестерін қосты.

Байқауға қатысушылар номинациялар бойынша бөлінді, барлық қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Үздік атанғандар қатарында Мақажан Гүлбану Хусанқызы – «Заң» ақпарат порталының меншікті  тілшісі, «Сыр бойы» облыстық басылымының тілшісі,  Маханова Динара Жақсыбайқызы – «Kyzylorda-news.kz»  ақпараттық агенттігінің тілшісі, Олжабаева Ақмарал Кәдрханқызы – «Ақмешіт  апталығы» басылымының  бөлім бастығы, Кенжеғұлова Мөлдір Сабыржанқызы  – «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі, Ералы Аружан Мырзалықызы – «Сыр бойы» газетінің тілшісі бар.

WhatsApp Image 2023-06-21 at 19.07.02 (1).jpeg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: