Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

36°C

, Сейсенбі, 13 мамыр, 17:53

Фармацевт Ботагөз

13.05.2025

12

0

Қазір дәріге тәуелді адам көп. Егер сырқаттансақ, бірден дәрінің көмегіне сүйенеміз. Фармацевт мамандарының арқасында біз дәрі-дәрмектерге қол жеткіземіз. Бірақ бұл мамандық жайлы көп біле бермейміз. Фармацевт десек, көз алдымызға бірден дәрі-дәрмек сатушы елестейді. Бірақ олар тек дәрі-дәрмек сатады деп ойлау қате. Өйткені фармацевт міндеттерінің ауқымы және мүмкіндіктері өте кең. Осы орайда мамандықтың қыр-сырымен терең танысу мақсатында аудандық ауруханадағы Госпитальдық фармация бөліміне атбасын бұрдық.

Бөлімде жұмыс қызу. Әрине, аудан тұр­­ғындарына қажетті дәрі-дәрмекті уа­қы­тылы жеткізу асқан жауап­кер­ші­лікті талап етеді.
– Фармацевт әр­түрлі препарат­тарды жақсы біледі, ұқ­сас дәріні таң­дайды, қажетті дә­рілік фор­маны шы­ғарады, тіпті жаңа пре­параттарды жа­сауға қатыса ала­ды. Біз дәрілік зат­тарға арналған құжатта­ма­мен, яғни ре­цепт­­пен, химиялық фор­му­лалармен, қой­маға дәрілік зат­тарды жеткізу құ­жат­тарымен жұмыс іс­тейміз. Әрбір дәрінің құрамын, оны қа­лай қолдану ке­рек­тігін, препараттың қан­дай жанама әсерлері мен қарсы көр­се­тілімдері барын бі­луіміз керек. Бір сөз­бен айтқанда, фар­мацевттің ба­сында аннота­ция­лар­дың толық ба­засы бар, – дейді фар­мацевт Ботагөз Нұрмаханова.
Білікті маман аталған салада 1998 жылдан бері еңбек етіп келеді. Оқушы кезінен оның науқастарды емдеуге, дәрі-дәрмектерге деген қызығушылығы ерек­ше болыпты. Тіпті балалық ша­ғында отбасындағылар сырқаттанып қалса, «сіз мынадай дәріні ішуіңіз ке­рек» деп кеңес береді екен. Сол бала арманы жетелеп, Қызылорда ме­ди­ци­налық жоғары колледжіндегі «фарма­цевт» мамандығына оқуға түседі. Оқу орнын үздік бітіріп, аудандық ем­ха­надағы дәрі дайындау бөлімінде лабо­рант-ассистент болып жұмысқа кіріскен.
– Біз күнделікті көптеген әртүрлі адаммен қарым-қатынас жасаймыз. Олардың әрқайсысы үшін ерекше тә­сілді табу маңызды. Сондықтан эм­патия, ашықтық, түсіністік, ізгілік және көмекке ұмтылу сияқты қасиеттер ма­манның жұмысында қажет. Қызмет сапасын арттыру мақсатында әр нау­­қасты жеке-жеке қарап, дәрігер эксперт, клиникалық фармакологпен бір­лесе оты­рып, тағайындалған дәрі-дәрмек­тер­дің негізділігін талдаймыз. Біздің бөлім ем алушыларды дәрі-дәрмекпен қам­та­масыз ету жүйесінде қауіпсіздік шараларын тиімді қолдануға, денсаулық сақтау саласында дәрі-дәрмек бөлігін толыққанды цифрландырылуын қам­та­масыз етуге, дәрі-дәрмектерді сақтау, дайындау, тасымалдау ережелерін қа­таң қадағалауды қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ тағайындалған емдік дәрі-дәрмектердің қолданы­луы­на, реттілігіне мониторинг жасау ар­қылы медициналық көмектің сапасын арт­тыруды мақсат еткенбіз, – дейді еңбек адамы.
Ботагөз айтқандай, бөлімше дәрі­лік қамтамасыз ету сапасы мен науқастардың қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған. Яғни бөлімнің міндеті дәрі-дәрмекті есепке алу жүйесін жақсарту, оларды сатып алу шығындарын азайту және дәрілерді пайдаланудың тиім­ділігін арттыру болып табылады. Мұнда дәрі-дәрмекті орау аймағы, дә­рілік заттарды және медициналық бұйым­дарды сақтау бөлмесі, дәрілік зат­тарды орталықтандырылған еріту аймағы бар.
Қазіргі таңда госпитальды фарма­ция бөлімшесіне хирургия, терапия, перзентхана, жұқпалы аурулар, паллиа­тивті науқастарды емдеу бөлімі және балалар соматика бөлімдері қосылып, жұмыс істеуде. Жалпы бө­лімде 10 қыз­меткер бар. Олар аудан тұр­ғындарына қажетті дәрі-дәрмек, ек­пе­лерді дайындап, нау­қастардың уақы­тылы ем алуын қамтамасыз етуде.
– Денсаулық сақтау – жауап­кершілік пен ба­тылдықты талап ететін сала. Бұл салада еңбек ету үшін адамға шы­дам­дылық, жауапкершілік пен қажыр-қайрат қажет. Десе де бұл ма­мандықты таңдаған әр адам өз жұ­мысын шынайы сүйіспеншілікпен істей­тініне сенімдімін. Еңбегімнің нәтижесінде басқарманың, аудан әкімдігінің алғыс хаттарымен ма­рапатталдым. Бірақ біз сияқты қа­рапайым еңбек адамдары үшін ха­лықтың құрметінен асқан абырой жоқ. Мамандығым қаншалықты қиын әрі жауапкершілік жүгі ауыр болса да, бұл сала – менің өмірімнің бір бөлшегі. Өйткені мен өз мамандығымды шы­найы жақсы көремін, – деп сөзін түйіндеді фар­мацевт Батогөз Исабекқызы.
Міне, 27 жылдан бері осы салада абыроймен еңбек етіп келе жатқан Бо­та­гөз Нұрмаханова, мамандық таңдау­да қателес­пе­геніне сенімді. Ол жұ­мыс­­та білікті маман болса, отбасында – аяу­лы ана. Бүгінде жол­дасы екеуі 2 қыз тәр­биелеп отыр.

Жандос ЖАЗКЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: