Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Сенбі, 23 қараша, 16:25

Ғұмырын спортқа арнаған ардагер

01.10.2024

364

0

Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында білім беру жүйесі жетекші рөл атқарады. Білім саласының мамандары жұмыс жоспарына сәйкес мақсат-міндетін айқындап, оны жүзеге асырумен ерекшеленеді. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан» деп Абай атамыз айтқандай, білім беріп, тәрбиелеген шәкірттер өмірден өз орнын тауып, биік белестерден көрініп жатса, ұстаз үміті ақталып, еңбегінің қайтқаны. Тәуірбек Алишарипов алдына осындай мақсат қойып, талай шәкірттің шамшырағын жақты. Бүгінде салауатты ұрпақ тәрбиелеуде тынымсыз еңбек еткен ұлағатты ұстазды спортсүйер қауым жақсы біледі.

Ол 1955 жылы 18 тамызда Дәуімбай елді мекенінде дүниеге келген. Ау­дан­дағы №123, №202 мектептерінде бі­лім алған. Жастайынан спортқа бейім Тәуір­бек 8 жасынан бастап еркін кү­рес үйірмесіне қатысқан. Спортпен шың­далған жас жігіт еркін күрестен жа­рыстарға қатысып, бірнеше рет жеңіске жетті. ҚР спорт мектептері арасында жүлделі орындарды жеңіп алып, 1973 жылы Қазақстан жасөспірімдер спорт мектептері арасында еркін күрестен ел чемпионы болды.
Ұлағатты ұстаз 1973-1975 жылдары Отан алдындағы борышын өтеді. Қайда жүрсе де спорттан қол үзбеді, Қарулы Күштер арасында еркін күрестен Орта Азиялық әскери күштер округінің жеңім­пазы атанды.
Арман адамды алға жетелейді. Елге оралған соң ол білімділікті, мейі­рім­ді­лікті қажет ететін мұғалімдік маман­дықты таңдады. Ұстаз – тұлғаны тәр­бие­леп қалыптастырудың бағбаны. Жас ұрпақты арман жолына жетелейтін бі­лімнің қия шыңына көтеріліп, жүректің батырлығын, сезімнің ақылдығын, мі­нездің жайлылығын, адам бойындағы асыл қасиеттердің жиынтығын қалып­тастыратын ұлы қасиетке ие ұлағатты ұстаз болуды армандады. 1979 жылы Тәжікстандағы мемлекеттік дене шы­нық­тыру институтына оқуға түсіп, түр­лі жарыстарға қатысқан ол еркін кү­рестен ел чемпионы болды. Сөйтіп Бү­кіл­одақтық спорт жарыстарында жам­басы жерге тимей, жүлделі орын­дар­ды иеленген жеңімпаз жігіт еркін кү­рес­тен спорт шебері атағын қорғап шықты. Тәжік мемлекеттік дене шы­нық­­тыру институтын бітірген ол Жа­ла­ғаш аудандық жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен жаттық­ты­рушы болып еңбек жолын бастады. Аталған мектептің оқу ісінің меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып, әріптес­тері арасында құрметке бөленді.
Тәуірбек – спорттың еркін күрес тү­рінен жоғары дәрежелі жаттықтырушы. Оның жетекшілігімен аудан, облыс, республикалық жарыстардың жеңім­паз­дары, спорт шеберлері мен спорт шеберлігінен үміткер жүзден астам дә­режелі спортшы дайындалды. Қазіргі таңда шәкірттерінің көпшілігі спорт саласында қызмет етіп жүр. Солардың ішінде ел намысын қорғаған жеңімпаз палуандар С.Дүйсекенов, Қ.Өлментаев, Д.Әуесбаев, А.Сүндетбаев, М.Әлайда­ров­ секілді шәкірттерімен мақтанады.
Ол Жалағаш аудандық «Қайрат» ерікті спорт қоғамының төрағасы қыз­­метінде жүріп ауыл спор­тын да­мы­туға атсалысты. Кент орталығында, ауыл­дарда спорт алаңдарын, сауық­тыру орындарының салынуына себеп­ші болды, қазақша күрес, тоғыз­құ­­ма­лақ секілді ұлттық спорт ойын­­дарын да­мытуға үлес қосты. Жыл сайын ау­­дандық «Алтын күз» спор­та­киа­да­сын­да ұлттық спорт ойын­дарын, қыс мау­сымында балық аулау жа­рыстарын өткізу оның ұйымдас­тыру­шылық қабі­летін, кәсіби шеберлігін көрсетсе керек.
Алматыға қоныс аударған Тәуір­бек Қ.А.Яссауи атындағы №123 мек­теп-гимназияның дене шынықтыру пә­­нінің аға оқытушысы, бірлестік жетекшісі қыз­метін атқарды. Оқушылар та­қы­рыпты сапалы меңгеру үшін се­ми­нар­лық сабақтарды, түрлі инте­рак­тивті әдіс­тер мен техноло­гияларды қол­дан­ды. Сабаққа қатысушылар экран арқылы спорт түрлерінің жаттығулар көрді. Олардың әдістемелерін қолдану іскерліктерін меңгерді. Мектеп-гим­на­зия аудандық, қалааралық жарыс­тарда жақсы нәтиже көрсетті. Мектепте спорттың он екі түрінен мектепшілік спортакиада жыл сайын өткізіліп тұрды. Сонымен қатар «Алматы қыз­ғалдақтары», «Алтын күз», «Сым­бат», «Баскетболдан директор ку­богі», «Президенттік сынақ» атты спорт­тық іс-шаралармен бірге футбол, во­лейбол, стол теннисі, шахмат, дойбы, мылтық ату жарыстары өтті. Мектеп-гимназияның ұстаздары арасында үл­гілі ұстаздар құрметіне спорттың 8 тү­рінен жарыс ұйымдастырылды. Сөйтіп білікті маман, ұлағатты ұстаз Алматы қаласы бойынша дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында әдістемелік әзірлемелер бағытында да 1 орын алды.
– Ұлттың жаны таза, санасы сау болуы тиіс. Ол үшін алдымен спортпен шұғылдану керек. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер спортына баса мән беру қажет. Бұқаралық спорт дамыған жерде ел абыройы асқақтай бермек – дейді Тәуірбек Мырзаханұлы бізбен әңгімесінде.
Ол 2014 жылдан бері қоғамдық негізде «Бейбітшілік Әлемі» халық­ара­лық қазақ шығармашылық бірлестігінің Алматы облысы бойынша өкілетті ди­ректоры болып қызмет атқарады. Бі­лім және спорт саласындағы жеткен жетістіктері үшін Т.Алишарипов Бүкіл­одақтық кәсіподақтары спорт қо­ға­мы­ның, ҚР Ғылым министрлігінің, «Дене тәрбиесі» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының, «Бейбітшілік Әлемі» ха­­­лықаралық қазақ шығармашылық бір­­лестігінің төсбелгілерімен марапат­талған. ҚР Мәдениет және спорт ми­­нистрлігінен «Құрметті спорт қыз­мет­кері», күрестен спорт шебері, ҚР білім қызметкерлерінің «Ы.Алтынсарин» ме­далінің иегері.
Аға жаттықтырушы, ардагер ұстаз, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп өсірген үлкен шаңырақтың тірегі десе де болады. Жұбайы Нарбу Бадашқызы – жоғары білімді инженер-технолог. Ұзақ жыл Жалағаш аудандық тұрмыстық қызмет көрсету орталығында қызмет көрсетті. Балалары да жоғары оқу орындарын тәмәмдап, өмірден өз орнын тауып, әр салада қызмет етеді. Үлкен ұлы Мақсұт – суретші әрі заңгер. Қуанышы – құқық қорғау саласында жеке сот орындаушысы. Айғанымы – мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі. Айбек Ал­маты қаласы әкімшілігінде қызмет ат­қарады. «Алма ағашынан алысқа түс­пейді» дегген осы шығар, сірә. Бүгінде Тәкеңнің балалары да елдің ертеңіне қажырлы еңбек етуде.
Қазіргі таңда Тәуірбек – Алматы спорт қоғамында дене мүмкіндігі шек­теулі азаматтарға арналған спорт клу­­бында тоғызқұмалақ, асық ату спорт түрлерінен жаттықтырушы. Өзінің ұйым­дастыруымен тоғыз­құмалақ үйірмесі ашылды. Аға жаттық­тыру­шы­ның ізденісі мен еңбегі еш кетпеді. Тоғызқұмалақ үйірмесінің мүшелері, мүмкіндігі шек­теулі спортшылар ҚР чемпионатына қа­тысып, бірнеше рет жүлдемен оралды. Солардың қатарында тоғызқұмалақ ойы­нынан спорт шебері Қ.Қалқаев, Г.Шай­қамзинова республикалық жа­рыс­тарға қатысып, ел намысын қорғап жүр.
Бір сөзбен айтқанда, құрметті спорт қызметкері Т.Алишарипов – өзі­нің бі­лімімен, жұмыстағы кәсіби шебер­лі­гі­мен, жақсы қасиеттерімен құрметке бө­­ленген жан. Спорт саласында қырық жылға жуық қызмет етіп, ғұмырын спортқа арнаған ардагер жастар мен жасөспірімдерді тәрбиелеп, денсаулы­ғын нығайтуға, бұқаралық спортты да­мытып, салауатты өмір салтын қа­лыс­тастыруға әлі де еңбек етуде.

Серік БЕРТАЕВ,
ардагер журналист

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: