Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Сенбі, 23 қараша, 14:25

ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ «ҚАРАКӨЗ» сауда үйінде экспромт кездесу өтті

02.10.2024

192

0

  • Бүгін АЭС-ті қолдау жөніндегі аумақтық Халықтық штаб өкілдері Б.Шілдебаев,С.Оспанова, А.Кенжебаев, Ж.Әбдісаттарұлы «ҚАРАКӨЗ » сауда үйінде экспромт кездесу өткізіп Мемлекет басшысының халыққа жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді баяндап, референдумның маңыздылығы жөнінде айтып өтті.
  • АЭС құрылысы – бұл Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба. Еліміздегі және әлемдегі барлық озық ойлы тұлғалар атом энергетикасын пайдаланудың тиімділігін жақсы түсінеді. Бұл – ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба. Біз үлкен таңдау алдында тұрмыз. Сондықтан Халықтық штабтың міндеті – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамды АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. 6 қазанда өтетін референдум біздің бірлігімізді көрсетеді», – деді Б.Шілдебаев —С.Оспанова бүгінгі таңда энергетикалық тәуелсіздік мәселесі күн тәртібінде алғашқы орынға шыққанын атап өтті. Әлемнің озық елдерінің тәжірибесі атом энергетикасының тиімділігі мен қауіпсіздігін айқын дәлелдейді. Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр. Сондықтан Халықтық штабтың басты міндеті – қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу, жұрт арасындағы негізсіз үрейлерді сейілту деді.Штаб мүшелерінен ақпарат алған азаматтар өздерінің пікірлерін ортаға салып, АЭС салуға оң көзқарастарын білдіруде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: