Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Сейсенбі, 26 қараша, 11:27

«Этно ауыл» жазғы демалыс алаңы

27.05.2024

607

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының бастамасымен аудандық қоғамдық даму бөлімі, партия филиалының «Дарын», «Мәдени мұра» бастауыш партия ұйымдарының бірлесіп ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында «Этно ауыл» жазғы демалыс алаңы тақырыбында іс-шарасы болып өтті.

Шараның басты мақсаты – жазғы демалыс уақытында оқушылардың демалысын тиімді ұйымдастыру, мәдениетімізді қалыптастыру, ұлттық тәрбиені арттыру, оқушыларға ұлттық құндылықтарымызды үйрету болып табылады.

Бүгінгі ұйымдастырылған шарада халқымыздың атамзаманнан бергі ең жақын серігі, асыл белгісі болып саналатын, ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға ыңғайлы киіз үйді тігу, алтыбақан құру үйретілді. Іс-шарада ардагер әжелер қауымы киіз үйдің шығу тарихы, киіз үй түрлері, киіз үйдің қандай бөлшектерден тұратынын айтып әрбір бөлшектерін оқушыларға жіті түсіндіріп өтті.

Халқымыздың құнды мұрасын өскелең ұрпаққа жан-жақты таныстыруды жөн көріп осындай тағылымды шараға «AMANAT» партиясы бастамашыл жасады. Басты мақсат оқушыларға ұлттық құндылықтарымызды саналарына сіңдіріп ғана қоймай оны күнделікті өмірде пайдалануға дәріптеу. Сонымен қатар, ұлттық құндылыққа бағытталған шара жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында 1 ай көлемінде жалғасатын болады – деді аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: