Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-0°C

, Бейсенбі, 02 қаңтар, 16:51

«Кәсіби міндетін дұрыс атқармаған»: Тірі қалған стюардесса сотталуы мүмкін

30.12.2024

175

0

Желіде Ақтау маңындағы ұшақ апатынан аман қалған стюардессаға қатысты тың ақпарат тарап жатыр. Төлжан Иманалы есімді желі қолданушысының пайымдауынша, тексеріс барысында бортсеріктің өз міндетін дұрыс атқармағаны анықталса, сотталып кетуі мүмкін, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Caravan.kz-ке сілтеме жасап.

«Ұшақ құлап бара жатқанда бортсеріктер салқын қандылық танытуы тиіс. Олар жолаушылардан белдіктерін ағытып, аяқ киімдерін шешуін талап етеді. Және талаптың орындалуын қадағалауы тиіс. Оның кәсіби жұмысы сол. Қас пен көздің арасындағы ситуацияда, халық шыңғырып, айқайлап шулап жатқанда бортсеріктің айтқандарын тыңдамайды да, орындамайды. Сондықтан, тексеріс барысында, жолаушылардың белдіктері ағытылмаған, аяқ киімдері шешілмеген болып шығады. Ал, оны қадағаламаған және орындатпаған бортсерік кінәлі болады. Егер ол тірі қалса, сол үшін сотталады. Құлаған ұшақтың ішінде аман қалған кейбір жолаушылардың жалаңаяқ болғаны және құтқару кеудешесін кигені бортсерікті тыңдап, соның командасын орындағаны болып табылады. Ұшақ құлағанда бірге өліп қалған дұрыс! Тірі қалсаң да өлгенің дейді стюард балам, деп жазыпты», – деп жазды ол.

«Кәсіби міндетін дұрыс атқармаған»: Тірі қалған стюардесса сотталуы мүмкін
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: