Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Сәрсенбі, 18 наурыз, 16:55

Кассациялық соттар жұмысы

18.03.2026

5

0

2025 жылдың шілде айының 1 күнінен бастап Қазақстан Республикасында Кассациялық соттар өз жұмысын бастады.

Бұл өз кезегінде заңды күшіне енген сот үкімдері мен шешімдерін қайта қарау сатысы сонымен бірге олардың заңдылығын тексеру болып табылады. Яғни, заңның дұрыс қолданылуын, іс жүргу тәртібінің заңға сай сақталуын және сот процессіне қатысушылардың құқытарының бұзылу, бұзылмауларын қарап тексереді.

Сот тәжірибиесінің бір ізділігін қамтамассыз етіп құқық қолданудағы қателіктерді түзетуге мүмкіндік береді.

Қылмыстық істер бойынша Кассациялық тәртіппен шағым бере алатындар сотты болған адамдар, олардың қорғаушылары, жәбірленушілер, олардың өкілдері және басқа да іске мүдделі тараптар.

Қылмыстық істер бойынша сотты болған тұлғалардың жағдайын жақсарту мақсатында мысалы, сотты болған адамды ақтауға, сотты болған адамға қатысты істі ақталатын не ақталмайтын негіздермен қысқартуға берілген шағымдар мерзімі шектелмеген.

Апелляциялық саты сотының заңды күшіне енген сот актісі заңды күшіне нген күннен бастап бір жыл ішінде кассациялық шағым беруге болады.

Кассациялық сотқа өкілмен шағым беру үшін өкілге берілген сенімхатта міндетті түрде оның кассациялық сотқа шағым беру өкілеттілігі көрсетілуі керек, мемлекеттік баж өкілмен төленген жағдайда оның қандай тараптың атымен төленгені көрсетілуі тиіс, яғни жеке тұлғаның атынан болса толық аты жөні, заңды тұлғаның атынан болса оның толық атау, егер баж кімнің мүддесі үшін төленгені түбіртекте көрсетілмген болса онда кассациялық шағым тиісті құжатпен шағым берушіге кері қайтарылатынын ескерген жөн.

Кассациялық сотта мемлекеттік бажды төлеуге кейінге қалдыру қарастырылмаған сондықтан мемлекеттік баж төленіп барып берілуі тиіс.

Егерде кассациялық сотқа шағым беру мерзімін өткізіп алған жағдайда кассациялық шағымға шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатпен қоса жүгіну қажет және ол өткізіп алған мерзім заң талабына сәйкес болса онда кассациялық сотпен өткізіп алынған мерзім қалпына келтіріліп шағым кассациялық соттың өндірісіне қабылданып кассациялық соттың алқалық құрамымен қаралатын болады.

 Егер іс апелляциялық сатыда қаралмаса тек бірінші саты шешімін кассациялық тәртіпте қарауға жол берілмейді.

Апелляциялық тәртіптен өтпеген сот актілерін кассацияда қайта қарау құқығы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының наразылығы арқылы негізінде қаралуы мүмкін.

                                                                    Жалағаш аудандық соты әкімшісінің

                                                                    басшысы А.Қ.Алтынбаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: