Бүгін «AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» жобасындағы «Этно ауыл» жазғы демалыс алаңы жалғасуда. Бүгін жергілікті ақын, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Қуат Ахетовпен кездесу өтті.
Қуат Адисұлы Ахетов – Жалағаш ауданы, Аққыр ауылының тумасы. Ақын, жазушы, Қазақстан жазушылар одағы мен журналистер одағының мүшесі, бірнеше кітаптардың авторы.
Бүгінгі ұйымдастырылған шараның негізгі мақсаты – оқушыларды Қуат Ахетовтің шығармашылығымен таныстырып, жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Келелі кездесуде оқушылар ақынның бірнеше өлеңдерін оқып, жатқа айтып берді. Сонымен қатар, ақын жолындағы қызықтар, ақындық өнер, шығармалары туралы оқушылар сұрақтар қойып, ақын тарапынан жауаптар алды. «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева ақынның «Дәрумендер дауасы» кітабынан оқушыларға жұмбақ жасырып, ұлттық құндылықтарымыз бойынша ойларымен бөлісті.
«Кітап-AMANAT» жобасы аясында жергілікті ақынмен кездесу өткізілді
04.06.2024
524
0
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!