25 мамырдан кейін сабаққа себепсіз келмеген оқушының ата-анасы ғана емес, мектеп директорлары да жауапқа тартылатын болады.
Бұл жөнінде оқу-ағарту министрлігі оқу жылының аяқталуына қатысты шұғыл жиында айтты.
«Кәмелетке толмаған баланың тәрбиесі мен біліміне қатысты міндеттемелерді орындамау екі тараптың жауапкершілікке тартылуын көздейді», – деп мәлімдеді ведомстодағылар.
Жиын барысында оқулықтарды оқу жылы аяқталмай жинап алған мектеп басшылары 15-тен 30 АЕК көлемінде айыппұл арқалайтыны айтылды.
Естеріңізге сала кетейік, биыл оқу жылы 1 маусымда аяқталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!