Топ-баннер2

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Сенбі, 07 наурыз, 01:11

Конституциялық реформа – ұзақмерзімді дамудың кепілі

06.03.2026

15

0

Ауданда Конституцияның жаңа жобасын түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осы бағытта аудандық партия филиалында газ тарату мекемесінің қызметкерлерімен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Басқосуда алдағы референдумның маңызы, конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары және олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы кеңінен талқыланды.

Кездесуге «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясының мүшелері Сәбит Жанашев, Қаншагүл Мұстафаева, Гүлжанат Қожабаева, Анар Жүсіпбекқызы және Асхат Ахметжамиев қатысты. Жиында Конституцияның жаңа жобасының мазмұны, оның қоғам сұранысына сәйкестігі және мемлекеттің одан әрі дамуына қосатын үлесі жан-жақты түсіндірілді.

Қаншагүл Мұстафаева Конституция мемлекеттің негізгі заңы әрі қоғам дамуының басты бағдарын айқындайтын маңызды құжат екенін атап өтті. Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер әділетті қоғам қалыптастыруға, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.

– Конституция – еліміздің заңнамалық негізі. Ол уақыт талабына сай өзгеріп отыруы тиіс. Біз отыз жылдан бері қолданыстағы Конституциямен өмір сүріп келеміз. Ал қазір ұсынылып отырған жаңа жоба – біртұтас жүйелі құжат. Мемлекет те, қоғам да, әлем де өзгерді. Бүкіл дүние цифрлық дәуірге аяқ басып жатыр. Осы тұрғыда Конституцияның жаңарғаны да дұрыс. Қазіргі негізгі заң мемлекетке бағдарланған құжат болса, жаңа жоба адамға бағдарлануымен ерекшеленеді. Мұнда адам құқықтары мен бостандықтары басты назарға алынған. Конституция тек әдемі құжат қана болмауы керек. Ол адамды қорғайтын жұмыс құралы болуы тиіс. Конституция – мемлекет пен адам арасындағы қоғамдық келісім-шарт. Ата заңға енгізілгелі отырған өзгерістер – ұзақмерзімді дамудың кепілі – деді ол.

 Коалиция мүшелері реформалардың негізгі мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, қоғамдық бақылау тетіктерін нығайту және азаматтардың шешім қабылдау үдерістеріне қатысу мүмкіндігін кеңейту екенін жеткізді. Сонымен қатар жаңа жоба ашық талқылаудан өтіп, қоғам тарапынан айтылған ұсыныстардың ескерілгені оның шынайы халықтық сипатқа ие екенін көрсететіні айтылды.

Кездесуде мекеме қызметкерлері өз ой-пікірлерін білдіріп, сауалдарын жолдады. Қатысушылар арасында еркін пікір алмасу өтіп, ұсыныстар назарға алынды. Қатысушылар жаңа Конституция жобасы елдің тұрақты дамуына негіз болатын маңызды құжат екеніне және алдағы референдум ел болашағын айқындайтын тарихи шешім боларына сенім білдірді.

Ерлан АНУАРҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: