Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Бейсенбі, 21 қараша, 17:21

Мәжіліс төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасы ұсынылды

29.03.2023

3516

0

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілістің жалпы отырысында палата Төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасы ұсынылды.

Атап айтқанда, ҚР Конституциясы 58-бабының 1-тармағына сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы мемлекеттік тілді еркін меңгерген депутаттар арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

Ерлан Қошановтың кандидатурасын Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов ұсынды.

«Сегізінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің төрағалығына Қазақстанның мемлекет әрі саяси қайраткері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты ұсынамын», – деді Б. Ізмұхамбетов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: