Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Сейсенбі, 18 қараша, 19:40

«Мал ұрысы»: Қызылордада 3 мал ұрлығы дерегі ашылды

18.11.2025

4

0

Қызылорда облысы аумағында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. 

 Мақсат – халық арасында мал ұрлықтарының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізу, сондай-ақ бұрын және өткен жылдары орын алған мал ұрлықтарын ашу. 

Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, облыс көлемінде мал тасымалдаушы автокөліктерді, одан бөлек мал және ет сату орындарының заң талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуде.  

Іс – шараның бір күнінде бұрын орын алған мал ұрлықтарының 3 дерегі, оның ішінде өткен жылдары санатындағы мал ұрлығының 1 дерегі ашылды.

Сонымен қатар ауыл шаруашылық жануарларын заңсыз тасымалдаудың 2 дерегі, үй жануарларын белгіленбеген орындарда жаюдың 9 дерегі анықталып, әкімшілік хаттамалары ресімделді.

Мысалы  Қазалы ауданының полиция бөліміне аудан тұрғыны хабарласып, жайылымдық жерден сиырының жоғалғандығы туралы арызданған. 
Полицейлер жүргізген жедел шара барысында күдікті ұсталып, қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: