Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Жексенбі, 08 қыркүйек, 05:19

Масаң күйде жүк көлігін басқарған

09.11.2023

429

0

Азамат А. Шымкент-Самара тас жолымен солтүстіктен оңтүстікке қарай бағыт алып бара жатып, жүк көлік құралын және тіркемесін алкогольдік масаң күйде басқарған.

Сотта азамат А. өз кінәсін мойындамай, өзінің тісі алмалы салмалы екендігін, оған 2-3 сағат сайын «Омега» пастасын  жағып қолданатынын, алкогольдік ішімдікті мүлдем тұтынбағанын, автокөлікті масаң күйде басқармағанын айтқан.

Оның «ауыр» дәрежелі алкогольдік масаң күйде болғаны медициналық куәландырудың қорытындысымен, хаттамасымен және  бейнежазбамен толық дәлелденген.
Сот азамат А.-ны ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып,  15 тәулікке әкімшілік қамаққа алып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды.

Жалағаш аудандық соты

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: