Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 04:14

«Медальдарымды қайтарып алуды ойлаймын»: Илья Ильин өмір бойы күресетінін айтты

19.08.2024

170

0

Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин Рахим Ошақбаевқа берген сұхбатында  олимпиадалық медальдарды тартып алған сәті жайлы айтып берді.

«28 жасымда олимпиадалық медальдарды тартып алған кезде не істерімді білмедім. Мұндай оқиға бірінші рет болып тұр. Сөйтіп федерациядан заңгер сұрадым. Әрі қарай күрескім келді. Олар қаржыландыруды ұзақ күтті, кейін заңгерлермен көмектесті. Негізі аяғына шейін бармадым, күреспедім. Өзімді құрбан ретінде көрсетіп, аянышты болғым келмейді. Бірақ сол кезде қасымда бағыт беретін мықты адам болмады. Өкінішке орай, жалғыз қалдым. Бәрі де бірауыздан «ой, шыда» дегеннен басқа ештеңе айтпады. Швейцариядағы заңгерлерге де бардым. Бірақ ештеңе істей алмайтынын айтты. Әр күн сайын олимпиадалық медальдарымды қайтарып алудың жолдарын ойлаймын. Жеңілсем де өмір бойы күресіп өтетін шығармын», – деді ол. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: