Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Жұма, 03 қазан, 11:00

Мемлекет басшысы Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуровты қабылдады

02.10.2025

29

0

Мемлекет басшысы Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Digital Bridge 2025 халықаралық форумының алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровпен кездесті.

Әңгімелесу барысында білім беру, жасанды инттелект және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Президент еліміздің цифрлық дамуына үлес қосқан Telegram мессенджерінің қызметіне жоғары баға берді. Компания ресми түрде Astana Hub кластерінің қатысушысы атанды. Қазақстанда кеңсесін ашып, AIem.АІ орталығында ЖИ-зертханасын іске қосты.

Павел Дуров Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасанды интеллект саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы туралы мәлімет берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: