ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Елімізде сыбайлас жемқорлықты азайтуға қосқан үлесім» тақырыбында мемлекеттік қызметшілер арасында эссе байқауын жариялады.
Байқаудың мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын білуін, шығармашылық белсенділігін және креативті шығармашылық ойлауын ынталандыру.
Конкурс Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік қызметшілері үшін ашық. Қатысу тегін және ерікті. Конкурстық жұмыстар жеке тәжірибесі немесе кәсіби қызметі негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды қамтитын авторлық эссе нысанында ұсынылуы тиіс.
Эссе қазақ немесе орыс тілінде жазылып, бекітілген Ережеге сәйкес келуі тиіс. Жұмыстарды қабылдау 2024 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін жүзеге асырылады.
Байқау сырттай жүргізіледі. Жұмыстар электронды түрде Департаменттің ресми сайтында «Эссе байқауы – қатысушының тегі» белгісімен konkurs@antikor.gov.kz электрондық мекен-жайында қабылданады.
Жұмысты бағалау екі деңгейде өтеді:
Бағалау қорытындысы бойынша бірінші, екінші және үшінші орын алған қатысушылар жеңімпаздар деп танылады. Қорытынды қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған жұмыстар бойынша бөлек анықталады.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломмен және құнды сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаздардың жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Конкурсқа қатысу мәселелері бойынша қосымша ақпаратты (7292) 319110/321 немесе +77014577275 телефоны арқылы алуға болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!