Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қабылдауды және мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуды бірыңғай платформаға көшіруді тапсырған болатын.
Қаржы министрлігімен әзірленген Заң жобасы Парламент Мәжілісі және Сенатымен мақұлданып, 2024 жылдың 1 шілдесінде қабылданды.
– Жаңа Заң сатып алу процесінің рәсімдерін оңтайландыруды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуды, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуді және бәсекелестікті дамытуды көздейді. Жаңа заң 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, – деді Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бауыржан Шәменов.
Айта кетейік, қараша айынан бастап Жаңа заңның нормаларын түсіндіру мақсатында барлық аудандардың тапсырыс берушілері үшін облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан семинар-кеңестер ұйымдастырылуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!