Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Дүйсенбі, 08 шiлде, 08:10

«Менің атым – Астана»: қанша қазақстандыққа мұндай есім қойылған?

05.07.2024

295

0

Астана күні қарсаңында қанша қазақстандықтыққа Астана есімі берілгенін анықтауды жөн көрдік.

Бюро мәліметінше, Қазақстанда Астана есімді 24 адам тұрады. Былтыр елде осы есіммен 26 адам тіркелді, олардың 9-ы 1998 жылға дейін дүниеге келген. Айта кетейік, Астана елорда болып жарияланған жылы, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, тағы 2 ұлға «Астана» есімі берілді. Сонымен қатар, 5 қазақстандық Астана, 6 – Нұрастан, 3 – Астанали есімімен аталады.

Сонымен қатар, Астананың символы, басты көрікті жері – «Бәйтерек». Елімізде осындай есімі бар 40 қазақстандық тұрады. «Бәйтерек» қазақша транскрипциясына келсек, мұндай атаумен 31 қазақстандық тіркелген.

Биыл қазақстандықтар қаланың жаңа мәртебеге ие болғанына 26 жыл толуын атап өтеді.

Еске салайық, 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Жоғарғы кеңесі астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулы қабылдаған болатын. 1998 жылы қаланың атауы Астана болып өзгертілді. Егер 2000 жылдардың басында қалада 380 мыңнан астам адам тұрса, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2024 жылғы мамырдағы жағдай бойынша халық саны – 1 миллион 458 мың адам.

Massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: