«Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық конкурсының республикалық кезеңінің лауреаты Бектаевтар отбасы ортақ істе белсенділік танытты.
Еңбек ардагерлері Төлеміс Бектаев ақсақал мен Сәнімкүл Әшірбекова әжейдің шаңырағынан 11 перзент өрбіген. Ауыл шаруашылығы саласындағы ұзақ жылғы ерен еңбегі үшін Жалағаш ауданының Құрметті азаматы атанған Төлеміс ақсақал «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. Батыр ана Сәнімкүл Әшірбекова қажырлы еңбегі үшін «Халықтар достығы» орденін иеленген.
Бектаевтар әулетіндегі 11 баладан 43 немере, 66 шөбере және екі шөпшек тараған. Бұл әулеттің үлкен-кішісі еңбектің қадірін біледі және оны барша игіліктің бастауы деп санайды.
«Бүгінгі республикалық референдумнан тыс қалуымызға болмайды. Біз қазақстандықтар ортақ істе белсенділік танытып, ел болашағы үшін маңызды сәтте бірлігімізді көрсетуіміз керек. Біз де отбасы мүшелерімен бірге келіп, өз таңдауымызды жасадық» деді өнегелі отбасының анасы Сәнімкүл Әшірбекова.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!