Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 08:52

Мерейтой аясында республикалық ақындар айтысы өтті

12.11.2023

401

0

Қасиетке тұнған киелі мекен Қазалы ауданының құрылғанына 95 жыл толуына орай «Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

Айтыс аламанының ашылуында сөз алған аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы 95 жылдық тарихы бар ауданның өткені мен бүгініне тоқталып, алдағы мақсаттарымыз бен биік мұраттарымызды бағамдады.

Сонымен қатар еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып, бүгінгі таңда елдің әр аймағында тұратын жерлестерімізге Қазалы ауданының 95 жылдығына арналған мерейтойлық медалін табыстады.

Дүбірлі додаға Қызылорда облысының Құрметті азаматы, ақын, режиссер Оңталап Нұрмаханов, айтыскер ақын, «Серпер» жастар сыйлығының иегері Нұрмат Мансұр, мәдениет саласының ардагері, ақын Толағай Дүңкеев қазылық етсе, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов айтыс тізгінін ұстады.

Киелі сөз өнерінің сайыпқырандарын аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетовпен қазылар алқасының мүшелері және демеушілер  сахна төріне шығып марапаттады.

Аудан халқын серпілтіп, дем берген аламанда қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені Аралдық жас ақын Бексұлтан Орынбасар, І орынды Арқалық қаласынан келген Тоба Өтепбай, ІІ орынды Қызылорда қаласынан Ержеңіс Әбді иеленсе, ал жүлделі үшінші орындарды Сырдария ауданынан Ерасыл Байментай мен Түркістан қаласынан келген Нұрлыбек Мейірман өзара бөлісті.

Қызылорда облысының 85 жылдығы мен Қазалы ауданының 95 жылдығына орай өткізілген айтыс аламанының барлық қатысушы ақындар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

FB_IMG_1699723183472.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: