Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 09:54

Мобильді  қоғамдық қабылдау топ өкілдері Аққұм ауылында болды

14.09.2022

335

0

Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің негізгі жұмысы тұрғындардың өтініштерін қараумен қатар, игілігіне бағытталған жобаларды түсіндіру, насихаттау болып табылады.
Қазіргі таңда партия жұмысын жан-жақты жаңғырту жұмыстары халықпен кері байланыс жасаудың тиімді құралы қоғамдық қабылдау бөлмелері қызметін де қамтып отыр. Осы орайда, бүгін республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі басшылығының, облыстық маслихаттағы фракция мүшесі мен партия белсенділерінің, облыстық Саяси кеңес мүшелері мен облыстық басқарма басшыларының қатысуымен Аққұм ауылдық округінде қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Мобильді топтардың мақсаты шалғай орналасқан елді мекендердегі тұрғындарды қабылдап, олардың әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерінің шешілуіне ықпал ету, бағыт-бағдар мен кеңестер беруді көздейді.

Бұған мобильді топ өкілдері ауданға қарасты Аламесек, М.Шәменов, Таң, Жаңадария ауылдық округтерінде болды. Бүгінгі мобильді қабылдауды Қызылорда облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Нәлібаев Мақсұт ашып, қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсаттары мен міндеттеріне тоқталды. Республикалық «AMANAT» партиясы қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Біржанов Азамат Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауынан насихаттау жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық қабылдау бөлмесінің атқарған жұмыстары туралы баяндады.

Қабылдауға келген ауыл тұрғындары жер, аяқ-су, жол, ауыз-су, денсаулық, білім саласы, әлеуметтік нысандар құрылысы мен өзге де мәселелер жөнінде айтты. Өз кезегінде мобильді топ өкілдері біршамасына қабылдау кезінде нақты жауаптарын берсе, қалған түйіткілді мәселелердің тізбесін жасап, партия өз бақылауына алды. Алдағы уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, өтініштердің оңтайлы шешілуі бойынша нақты жұмыстар жүргізілетін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: