«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен мониторингтік топ мүшелері Жалағаш кенті орталығындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына, дәрі-дәрмекке және жанар-жағар май құю бекеттеріне мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг жұмыстары барысында жанар май құю бекеттерінде дизель отынының тапшылығы бар екендігі және кей бекеттерде талонмен ғана сатылымда тұрғаны анықталды.
Жалпы дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бағасы қалыпты, алайда кейбір дәрілерге тапшылық байқалды. Дәрі бағаларының шарықтау деңгейін, сатып алынған дәрі-дәрмекке чек берілуін және дәрі-дәрмек бағаларының мемлекет бекіткен баға тұрақтылығы мен халыққа қолжетімділігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мониторинг жұмыстары жүргізілді
01.09.2022
420
0
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!