Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Жексенбі, 27 сәуiр, 20:59

Науқан керемет көңіл-күйде өтуде

27.04.2025

93

0

Ерте күн шығысымен өз таң­дауымды жасаймын деген сайлау­шылардың бел­­­­сенділігінен қаракеткендіктердің ауыл бо­­­ла­шағына үлкен жауап­кер­шілікпен қа­рай­тынына көз жеткізуге бо­ла­ды. Жалпы, Қаракеткен ауыл­дық ок­ругі әкімінің сайлауына 3 үміт­кер өз кан­дидатурасын ұсынған. Олар­дың өмір­­баяны мен сайлауалды бағ­дар­ла­ма­сы­мен ауыл тұрғындары бұқа­ралық ақ­парат құралдары, яғни газет беттері арқылы толықтай танысыпты.

Айнұр Қонарбаева ата-енесіне, отағасына таңғы шәйін беріп болған соң, сайлау учаскесіне асыға келіпті. Мақсаты – маңызды науқанға қатысып, дауыс беру.

– Бүгін ауылымыз үшін саяси маңыз­ды күн десем болады. Бар­лық үміткерлердің сайлауалды бағдар­ла­масымен таныстым, барлығы да білікті де, білімді азаматтар екен. Елім деген азаматтарға сәттілік ті­леймін. Ауы­лымыздың тыныс-тіршілігі шү­кір, жақсы, ауыл азаматтарының жа­сап жат­қан шаруаларының жайы көңіл көн­шітеді. Ауылда су жаңа емхана ел игілігене берілді, жолдарымыз жөндеуден өтті. Алдағы уақытта ауылға табиғи газ тартылады екен. Жалпы, науқан әділ, барлық ережелерге сай өтіп жатыр. Халқымызға бірлік, елімізге бейбітшілік тілеймін, – дейді ауыл тұрғыны А.Қонарбаева.

Сайлау учаскесінде әсем әуен шырқалып тұр, құтты бір мейрам өтіп жатқандай. Бастысы, ауылдағы саяси науқан керемет көңіл-күйде өтуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: