Өткен ғасырдың 80-90 жылдары неміс көліктерінің жолаушы жағындағы айнасы қысқа етіп жасалатын. Бұл көзге оғаш көрінгенімен, оның пайдасы зор болған.
Немістің Mercedes-Benz, BMW және Audi көліктеріндегі артқы көрініс айналарының тұрқы әр түрлі болған. Жолаушы жағындағы айна жүргізуші жағындағысына қарағанда қысқарақ боп келетін. Кейбір жүргізушілер көлікті жасауда қаржы үнемдеу үшін осындай қадамға барды деп ойлайтын. Алайда оның себебі мүлде басқа.
Еуропадағы қалалардың басым бөлігі ескі болғандықтан, көшелері тар, жолы ыңғайсыз. Неміс автоөндірушілері жүргізуші көлігін тұраққа қойғанда айна қабырғаға жақынғанда кедергі келтірмеуі үшін қысқарақ етуді ойластырады.
Мұндай шешім Еуропа жүргізушілерін қуантады. Өйткені тар жолда көлікті сырып кетеді-ау деген қорқыныш сейіле түскендей. Дегенмен кейін жиналмалы механизм ойлап табылған соң, мұндай қажеттілік болмады. Осылайша неміс көліктерін ерекше ететін дәуір аяқталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!