5 қараша күні Еңбек ауылында дініміз бен дәстүрімізді дәріптеу арқылы желідегі жұртшылықтың жүрегіне жол тауып жүрген Нұрлан Байжігітұлы Еңбек ауылының тұрғындарымен, жастармен еркін форматта сұхбаттасты.
«Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» қызметі бойынша Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өткізілген кездесуге аудан әкімінің орынбасары Ғани Кенжеғараұлы Сүлейменов қатысты.
Теолог, дінтанушы, ұстаз Нұрлан қажы Байжігітұлы ұлттық руханият, салт-дәстүр, жастардың үлкенді, ата-ананы құрметтеу сынды бағыттардағы тақырыптар аясында әңгіме өрбітті.
– Қазақ – қашан да үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен халық. Осы ұстаным негізінде бала мен ұлт тәрбиелеген. Үйден ата-ананың ақ батасынсыз қарыс жол аттамаған. Жолым ашылып, ойлаған ісім өрге дөңгелесін десеңіздер ең алдымен осы екі кісінің қадір-қасиетіне жете біліңіздер, – деп сөзін түйіндеді Нұрлан имам.
Кездесу соңында Нұрлан қажы жастарды толғандырған, маңызды әлеуметтік тақырыптар айналасындағы сұрақтарына жауап берді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!