Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Бейсенбі, 21 қараша, 22:52

Облыс әкімі жас спортшыға үй алып беруге уәде берді

22.02.2024

583

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады. Олар қозғаған мәселелердің қатарында тұрғын үй алу, құқығын қорғау және кәсіп ашу бар.  

Қабылдауға келіп ұсыныс-пікірін, өтінішін жеткізушілердің   сауалдары назардан тыс қалмайды. Мамандар әрбірінің себеп-салдарын жіті зерттеп, шешімін  заң талаптарын  негізге алып қарастырады. Қабылдауға келушілердің кейбірі өз сұрақтарына қатысты түсіндірме  жауапты сол жерде алды. Көтерген мәселесінің  шешілу жолдарын білді.

Мәселен, әкесі, Кеңес Одағының батыры Ж.Қизатов тұрған үйдің шатырын жөндеуге көмек сұрап келген зейнеткердің мәселесі кәсіпкерлердің көмегімен шешілетін болды. Мұнан бөлек, жұмыс істеп, табыс табу үшін компьютер сұраған І топ мүгедегі мен баспанаға мұқтаж, табысы төмен кісіге көмек көрсетіледі. Бүгінгі қабылдауда жас спортшы Олжас Оразалыұлының анасы да қуанышты хабар естіді. Олжас Оразалыұлы – әлемдік және Олимпиада рейтингтерінде 1 орында тұрған парадзюдошы, биыл Париж қаласында өтетін Паралимпиада ойындарына қатысуға үміткер.  Спортшының қызметтік үйіне жекешелендіру құқығын беруді сұраған ананы Нұрлыбек Машбекұлы «Олжас Паралимпиададан жүлделі орын алса, оған өзім үй алып беремін» деп қуантты.

Еске салайық, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

417469711_698104105844170_1390153340936580756_n.jpg
417453609_698103952510852_3432391655936999747_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: