Бүгін Үкімет отырысынан соң облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен жиында Президенттің мемлекеттік аппарат қызметін оңтайландыру туралы тапсырмасына сәйкес облыс әкімі аппарат басшыларының басқару жүйесіндегі мәртебесі мен рөлі күшейтілгені хабарланды. Осы ретте қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
«Өзгерістерге сәйкес облыс әкімі аппаратының басшылары «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінен мемлекеттік саяси қызметшілер санатына ауыстырылды. Оларға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға жетекшілік жасау бойынша өкілеттіктер берілді.Осыған сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі негізінде облыс әкімінің өкімімен Байманов Шахмардан Асқарұлы облыс әкімі аппаратының басшысы мемлекеттік саяси лауазымына тағайындалды», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Мемлекеттік саяси қызметші ретінде Шахмардан Асқарұлы аппарат қызметіне басшылық жасаумен қатар, өңірдің қоғамдық-саяси саласына, оның ішінде қоғамдық даму, мәдениет және спорт, дін мәселелері басқармаларына жетекшілік етеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!