Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының бұйрығымен Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының басшысы лауазымына Жаннат Берікбайқызы Дүзелбаева тағайындалды.
Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облысы Жалағаш аудандық өсімдіктерді қорғау станциясының болжам және сигнализация пунктінің агрономы болып бастаған Жаннат Берікбайқызы аталған инспекцияда инспектор, бас маман, бөлім басшы және инспекция басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!