Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетовтің төрағалығымен облыстық мәслихаттың XХІІІ сессиясы өтті. Оған облыс әкiмiнің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыстық мәслихат депутаттары мен облыстық басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде 5 мәселе көтерілді. Атап айтқанда, облыстық мәслихаттың «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 130 шешіміне, «Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 143 шешіміне өзгерістер енгізу, «Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру», «Қызылорданың жасыл белдеуі» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымынан босату туралы мәселелер қаралды.
Сессия алдында өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында күн тәртібіне ұсынылған мәселелер егжей-тегжейлі талқыланған болатын. Соған сәйкес, депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, тиісті шешімдер қабылданды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!