Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Жұма, 22 қараша, 04:40

Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай мерекелік қабылдау өтті

18.10.2024

945

0

Аудан әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай сала ардагерлері мен қызметкерлерін қабылдады.

«Сіздерді егемен еліміз айырықша атап өтетін кәсіби мерекелеріңіз – Орман шаруашылығы қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын. «Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №285 бұйрығына сәйкес «Орман шаруашылығы қызметкері күні» кәсіби мерекесі болып қазан айының үшінші жексенбісі болып бекітілді.

Орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегін болашақ ұрпақ ғана бағалай алады. Орман – еліміздің баға жетпес байлығы, халықтың дәулеті, теңдесі жоқ экономикалық және экологиялық қорымыз.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес орман қоры жерлерін күзету, қорғау және өсімін молайту жұмыстарын сапалы жүргізу, орман және дала өрттерінің алдын алу мақсатында тиісті шаралар атқарылып келеді. Бұл бағытта табиғатты қорғау мекемелері мемлекет тарапынан қажетті техникалар, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп келеді.

Сіздердің жұмысқа деген ынталарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін және алдағы уақытта да орман шаруашылығын дамытуға барлық күш-жігерлеріңізді жұмсайды деген сенімдемін» деді аудан әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов.

🔹Сонымен қатар, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығы бөлімінің басшысы Дәмелі Бердешова, Жалағаш кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Құлмахан Қожатай, сала ардагері Шегебаев Айтбай орман шаруашылығы саласы қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтап, табиғи ортаның тұтастығын сақтау, экологиялық және ресурстық әлеуетті тұрақтандыру, жан-жануарларын қорғау, орман көлемін ұлғайту жолында атқарып жүрген ерен еңбектері үшін ризашылықтарын білдірді.

🔹Мерекелік қабылдау барысында сала ардагерлері мен қызметкерлеріне арнайы алғыс хат табысталып, құрмет көрсетілді.

Айта кетейік, Жалағаш ауданында 769,5 мың гектар орман қорын күтіп-ұстауға 68 жұмысшылар қызмет етуде. Олардың тынымсыз еңбегінің арқасында ауданның орманмен қамтылған жерлердің аумағы биыл 258 мың гектарға жетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: