Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 05:40

Отбасы күніне орай сәбилі болған аналарға құрмет көрсетілді

15.05.2024

1339

0

Бүгін Халықаралық Отбасы күніне орай аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов аудандық перзентханада жаңа босанған аналарға аудан әкімінің мерекелік құттықтауын жеткізді.

Айтулы күнде дүние есігін ашқан сәбилер мен олардың аналарының қал-жағдайын біліп, жаңа туған нәрестелер болашақта еліміздің дамуына зор үлес қосатын азамат болуларына тілек білдіріп, мерекелік сыйлықтарын тарту етті.

Айта кетейік, жыл басынан бері аудандық перзентханада 158 бала дүниеге келсе, оның ішінде 88-і ер бала, 70-і қыз бала. Ал бүгін Отбасы күнінде аудандық перзентханада 2 қыз, 3 ер бала дүние есігін ашты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: