Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:47

Партиялық бақылау

22.06.2023

380

0

Партиялық бақылау тобы Жалағаш ауданындағы әлеуметтік нысандарға мониторинг жасады.
«AMANAT» партиясы облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова мен партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы тиісті сала мамандарымен бірге Жалағаш ауданында болып, Жалағаш кентіндегі спорттық сауықтыру кешені құрылысы мен Ақсу елді мекеніне кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына мониторинг жұмыстарын жасады.


Ақсу елді мекеніне кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 73,3 млн.теңге қаржы бөлінген. Келісім шарт бойынша жөндеу жұмыстары сәуір айында басталып, маусым айында пайдалануға берілуі тиіс. Алайда жұмыстың 30 пайызға жуығы ғана орындалған. Тапсырыс беруші тарапынан бүгінгі күні мердігер мекеменің үстінен жөндеу жұмыстарын мерзімінен кешіктіруіне байланысты Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз беріліп отыр. Мәселе партиялық бақылауға алынды.


Жалағаш кентіндегі спорттық сауықтыру кешені құрысы жұмыстары да партиялық бақылау тобы мүшелерінің көңілінен шықпады. Атап өту керек нысан құрылысын «SCS Инжиниринг» ЖШС-і жүргізуде. Мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтамағаны үшін соттың шешімімен айыппұл салынып, жұмысты толық аяқтау міндеттелген. Партиялық бақылау тобы құрылыс жұмыстарынан көп кемшіліктер анықтады. Құрылыс материалдары мен жұмыстың сапасы бойынша ескертулер беріп, алдағы уақытта қайта бақылау жасалатындығын ескертті.
Партиялық бақылау барысында партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова әрбір нысан халықтың қаржысына салынып жатқандықтан халықтың талабына сай сапалы болуына тапсырыс беруші де, жобалаушы да, мердігерлер де, техникалық бақылаушылар да жауапты екенін жеткізіп, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті құзырлы органдарға ұсыныстар беретіндігін айтты.


Бүгінгі жүргізілген мониторинг жұмыстарына «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқарма басшысы Қалиев Ғанижан, аудандық бөлім мамандары, ауыл әкімі қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: