Алматыда «Елге Көмек» қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сариев ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған еді. Алматы полициясы жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Алмалы аудандық полиция бөлімі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, – деді департамент баспасөз қызметі.
Фото: Әлеуметтік желіден
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!