Қазіргі уақытта республика көлемінде есірткі қылмысының жолын кесуге бағытталған «Қарасора – 2023» жедел – профилактикалық іс шарасы өтуде. 1 маусымда басталған шара 31 қазанға дейін өткізілмек.
«Қарасора – 2023» шарасының басты мақсаты – есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру және дайындау фактілерінің жолын кесу болып табылады.
Іс – шара басталғалы облыс көлемінде барлығы 38 есірткі құқық бұзушылықтары анықталса, оның ішінде 17 дерегі есірткі өсіру, 2 дерегі есірткі өткізу, 1 дерегі аса ірі мөлшерде сақтау және 18 дерегі есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылықтар. Заңсыз айналымнан 7 кг. «марихуана» және 366 кг. каннабис өсімдігі алынды.
Есірткі өсірумен айналысқан 21 адам құрықталып, оның 6-ы қамаққа алынды.
Қазалы, Сырдария, Шиелі аудандары аумағының далалық аймағынан ірі есірткі алқаптары анықталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!