Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:01

Қазалы қаласында газоблок шығаратын шағын цех жұмыс істеп тұр

04.07.2022

696

0

 Бүгінде жастар қарап отырмай, жеке кәсіпті ұршықша иіруде. Оған қуану керек, оларды қолдау керек. Ондай азаматтар өзінің жағдайын жасап қоймайды, жұртқа жұмыс береді, бюджетке қаржы түсіреді. Елдің сұранысын қанағаттандырады. Осындай азаматтардың бірі –жеке кәсіпкер Әсет Әзілханов.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қазалы қаласына арнайы барып, жеке кәсіпкердің жұмысымен танысты.

Жеке кәсіпкер Әсет Әзілханов құрылыс жұмыстарына қажетті газоблок шығарумен айналысады. Бұл өнім ұзаққа төзімді, өртке қауіпсіз, экологиялық таза, жылуды сақтайтын, аз ғана үлес салмағы бар, түрлі өңдеулерге ыңғайлы құрылыс материалы.

Өз кәсібін осыдан бірнеше жыл бұрын жеңілдетіп несие алып бастаған. Әзірге өнімді жеке үй-жай салып жатқан азаматтар мен түрлі ғимараттар құрылысын жүргізіп жатқан құрылысшылар тапсырыспен алдырып жатыр. Өзіне қажетті құрал-жабдықтарды Қызылорда қаласынан алдырған. Алдағы уақытта тағы да қаржы көздерін қарастырып, ксәбін кеңейткісі келеді. Бүгінгі таңда өзінен бөлек 3 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жеке кәсіпкердің жұмысына сәттілік тілеп, жұмыс жасауға ниетті азаматтарға әрдайым қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: