Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Бейсенбі, 21 қараша, 21:48

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қызметін дамытудың
2024 – 2029 жылдарға  арналған тұжырымдамасы бойынша

21.11.2024

43

0

Әрбір елдің бәсекеге қабілетті, қуатты мемлекет болып қалыптасуын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі және оның дамуының өзегі – адам ресурстары болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алдында тұрған басты стратегиялық міндеттердің бірі – мемлекеттік басқару ісіне жоғары моральдық жауапкершілікке ие, талантты әрі кәсіби білімді азаматтарды жұмылдыру болып табылады.

Қазіргі әлемдік жетекші елдердің тәжірибесін талдап және  зерделей отырып, мемлекеттік қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделі айтарлықтай белсенді дамуда.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы
17 шілдедегі №602 Жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
(бұдан әрі – Тұжырымдама)мен Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді.

Жаңа Тұжырымдама «Ең алдымен адамдар» қағидасы негізінде мемлекеттік қызметті заман талабына сай жетілдіруге бағытталып отыр.

        Тұжырымдамада мемлекеттік басқарудағы командалық-әкімшілік тәсілдерден бас тартып сервистік модельге көшу, әкімшілік рәсімдерді түбегейлі трансформациялау және цифрландыру бойынша қабылданатын шаралар нақты көрсетілген.

Қазіргі таңда, мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру барысында мемлекеттік қызметке кіру процесін жеңілдетуге, бюрократияны қысқартуға және кадрларды іріктеудің жаңа автоматтандырылған жүйесін енгізуге бағытталған жаңашылдықтар енгізілді.

Қазіргі әлемде мемлекеттік және жеке секторлар үшін басым міндетке айналған адам ақыл-ойы мен таланттарды іздеу үшін күрес белсенді дамып келеді.

      Бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік қызметке кіруді барынша жеңілдету мақсатында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстық іріктеусіз тағайындалу бойынша 2023 жылы қабылданған белгілі нормаларға сәйкес жоғары оқу орындарын мемлекеттік грант есебінен үздік аяқтаған түлектер диплом алғаннан кейін бір жыл ішінде аудандық және ауылдық деңгейдегі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына заңнамалардан ешқандай тест тапсырмастан конкурстан тыс тағайындала алады.

Осы норма заңды күшіне енген уақыттан бері бүгінгі күнге дейін өңірімізде 9 түлек Қызылорда қаласы мен Сырдария, Шиелі,Арал, Қазалы, Жаңақорған, Қармақшы аудандарындағы аудандық және ауылдық деңгейдегі түрлі лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалды.

Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке тартуға, жас мамандардың аудандар мен ауылдық жерлерге оралуын ынталандыруға, сондай-ақ, өңірлердегі кәсіби кадрлар тапшылығын төмендетуге ықпал етіп, мемлекеттік қызметке кіру процесін айтарлықтай жеңілдетіп отыр.

Жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде 2024 жылдың 1 наурызынан бастап өңірлік буынның топ-менеджерлеріне бәсекелестік орнататын өңірлік кадр резервіне іріктеу басталып, өткізілген іріктеудің нәтижесімен облысымыздың Өңірлік кадр резервіне
25 резервші алынған болатын.

Өңірлік резервке алынған резервшілер сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдардағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға мүмкіндігі бар.

Осыған сәйкес, бүгінгі күнге дейін, өңіріміз бойынша Өңірлік кадр резервінің 4 резервшісі Қызылорда қаласы және Сырдария,Қармақшы аудандарындағы жергілікті атқарушы органдардағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстық іріктеусіз тағайындалды.

Мемлекеттік әкімшілік қызметке кірудің қолданыстағы тәртібі
2016 жылдан бастап енгізілген болатын. Мемлекеттік қызметке кіруді барынша жеңілдету және осы бағыттағы артық кедергілерді жою мақсатында
2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қызылорда облысының жергілікті атқарушы және өкілді органдары мен облыстық тексеру комиссиясында
бос лауазымдарды иелену пилоттық режимде «eqyzmet.gov.kz» сыртқы интернет-порталында онлайн түрде жүргізілетін болады.

Конкурстық рәсімнің бұл жаңа форматы үміткерлерге әлемнің кез-келген бұрышынан барлық кезеңдерде қатысуға мүмкіндік береді.

«Е-қызмет» ақпараттық жүйесі барлық негізгі ақпараттық жүйелермен біріктірілгендіктен, үміткер туралы өзге ақпараттық жүйелерден ақпарат алу, оның соттылығы немесе өзге де құқық бұзушылықтарға қатыстылығын тексеру, біліктілік талаптарға сәйкестігін қарау сияқты жұмыстардың барлығын жүйе автоматты түрде өзі асырады.Бұл мемлекеттік қызметке  үміткерлерге құжаттарды жинаудан босатады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерге интернет, компьютер және веб-камерасының болуы жеткілікті. Осы құрылғыларды пайдалана отырып, үміткер жеке сәйкестендіру нөмірін және ЭЦҚ енгізу арқылы жүйеде тіркеліп, конкурсқа қатыса алады.

         Ротация институты қызметкерлердің заңсыз әрекеттерінің алдын алу және олардың мемлекеттік қызметте кәсіби құлдырауын болдырмау мақсатында сегіз жыл бұрын енгізілген болатын. 2023 жылы осы институтты дамыту шеңберінде ротациялық төлемдер енгізіліп, басқа елді мекенге ротацияланған қызметшілерге тұрғын үй жалдау мақсатында ротациялық төлемдер төленетін болды.

Дегенмен, ротация құралы негізінен саяси қызметшілерді,
«А» корпусының қызметшілерін және «Б» корпусының жоғары санаттарын қоса алғанда, басшылық құрам үшін пайдаланылғанымен, мұнда бөлімше басшыларының орынбасарлары назардан тыс қалып келген болатын.

Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес қазіргі таңда, мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін тиімді пайдалану және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары мен облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың әкімдерінің орынбасарлары лауазымдарының орындаушылық және басшылық санаттары үшін ротацияның аясы кеңейтілді.

         Осы кезеңге дейін ротациялау С-О-1 және D-O-1 санаттарындағы
«Б» корпусы қызметшілеріне ғана міндетті болып келген болса, енді осы аталған санаттармен қатар С-О-2, D-O-2 және Е-1 санаттарындағы
«Б» корпусының қызметшілері де ротациялауға жатқызылды.

         Осылайша, С-О-2, D-O-2 және Е-1 санаттарындағы «Б» корпусының қызметшілері соңғы атқаратын лауазымына тағайындалған күнінен бастап төрт жылдан кейін ротациялауға жатады. Бұл ретте, қызметшінің қалауы бойынша оның өз лауазымын атқару мерзімі екі жылға ұзарта алады. Ұзартылған екіжыл өткеннен кейін, бұл санаттардағы қызметшілерге қатысты мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның шешімімен екі жылға ұзартуға жол беріледі.

Аталған екі жыл өткеннен кейін қызметшінің ротациялау мерзімін тағы да ұзарту мүмкін емес. Яғни, «Б» корпусының қызметшісі бір лауазымды жалпы алғанда сегіз жылдан артық атқара алмайды. Ротациялау уақыты келген жағдайда қызметші ротациядан бас тартып, өз лауазымынан босатыла алады, не оның келісімі бойынша  бос орын болған жағдацда лауазымын төмендетуге болады.Мемлекеттік лауазымын төмендету конкурстық рәсімдер өткізілместен жүзеге асырылады.

Ерікті ротацияны қоса алғанда, лауазымдық ауысулар нәтижесінде басқа өңірге қоныс аударған мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін ынталандыруды арттыру және әлеуметтік кепілдіктер жүйесін енгізу шеңберінде алдыңғы тұрғылықты жерімен салыстырғанда өмір сүру жағдайларының ықтимал нашарлауын өтеу үшін тұрғын-үй, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі орындар және басқа да қажетті қызметтерді ұсыну тетіктерін қарастыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, әлеуметтік кепілдіктер жүйесі барлық қызметшілердің санаттары үшін кезең-кезеңімен кеңейтілуі менеңбекақы төлеу жүйесі қайта қаралып, тәлімгерлік институты одан әрі жетілдірілетін болады.

Бұдан басқа, әлеуметтік медициналық сақтандыруды, спорттық-сауықтыру кешендеріне қолжетімділікті, психологиялық қолдауды қоса алғанда, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасылары үшін корпоративтік әл-ауқат бағдарламаларын енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарлануда.

Материалдық емес ынталандыру ретінде онлайн-курстарға, кітапханаларға, жеке консультацияларға қол жеткізуді қоса алғанда, мемлекеттік қызметшілердің өзін-өзі оқытуы мен өзін-өзі дамытуын қолдау жүйелері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі үшін қосымша демалыс күндері ұсынылатын болады.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін олардың кәсіби қызметіне байланысты қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Тұжырымдаманы іске асыру – мемлекеттік қызметтің дарынды адамдар үшін тартымды болуына, патриотизмнің жоғары стандарттары мен ұлттың (қоғамның) мүддесіне адал қызмет ететін кадрларды ұстап қалуды және кәсібилендіруді қамтамасыз етуге бағытталуға тиіс.   

 

Бақытжан Нұралы

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Қызылорда облысы бойынша

департаментінің бас маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: