Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

31°C

, Дүйсенбі, 28 сәуiр, 14:43

Қазақстан темір жолы тағы бір бағыт бойынша әйелдер вагонын іске қосты

28.04.2025

60

0

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Ұлттық тасымалдаушының 1 маусымнан бастап Орал-Маңғыстау бағыты бойынша әйелдер вагонын іске қосатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Вагон №614/613 пойызы құрамында жүреді. 

Компания әйелдер вагондары келесі бағыттар бойынша қатынайтынын еске салды:

  • №77/78 «Алматы – Маңғыстау»;
  • №351/352 «Алматы – Маңғыстау»;
  • №45/46 «Павлодар – Түркістан»;
  • №37/38 «Маңғыстау – Семей»;
  • №47/48 «Атырау – Астана»;
  • №33/34 «Ақтөбе – Алматы»;
  • №4/3 «Астана – Алматы»;
  • №71/72 «Астана – Шымкент»;
  • №354/353 «Астана – Семей»;
  • №24/23 «Ақтөбе – Алматы»;
  • №25/26 «Алматы – Шымкент»;
  • №614/613 «Орал – Маңғыстау».

“Әйелдер вагондарында ер адамдардан тек жеті жасқа дейінгі ұл балаларға ғана рұқсат етіледі. Мұндай вагондарда тек әйелдер жолсерік болып жұмыс істейді”, – делінген хабарламада.

Компания өкілдері жолаушыларға билеттерді онлайн рәсімдеу кезінде ‘ЖН’ (әйелдер) аббревиатурасына назар аударуға шақырды. Бұл билет тек әйелдерге сатылатынын білдіреді.

Қазақстанда әйелдерге арналған вагондар 2021 жылы пайда болды. 

Фото: Қазақстан темір жолы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: