Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері барын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 83 048 ардагер тұрады, оның ішінде:
- Ұлы Отан соғысының 111 ардагері,
- жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 796 ардагер,
- басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарының 26 553 ардагері,
- 39 588 ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері.
2025 жылы бұл санаттардағы азаматтарға 4,3 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленген. 2025 жылы осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған.
Республикалық бюджеттен берілетін ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлердің барлық санатына өзге де әлеуметтік төлемдерді алуына қарамастан мынадай мөлшерде төленеді:
1) ҰОС ардагерлеріне 16 АЕК (2025 жылы – 62 912 теңге);
2) жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, олардың ішінде:
- ҰОС кезеңінде жарақат алуы, мертігуі немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдарға 7,55 АЕК (2025 жылы – 29 687 теңге);
- жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға 6,19 АЕК (2025 жылы – 24 339 теңге);
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, оның ішінде:
- Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға 6,19 АЕК (2025 жылы – 24 339 теңге);
- Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге 4,8 АЕК (2025 жылы – 18 874 теңге);
4) ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне 2,13 АЕК (2025 жылы – 8 376 теңге).
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!