15 қарашада Қазақстанда «Ұлттық валюта» күні атап өтіледі, 1993 жылы дәл осы күні республикада теңге айналымға енгізілді. Алайда «теңге» – біреулер үшін ақшаны білдіретін жай ғана сөз емес, сондай-ақ есім. Tengri Life елімізде мұндай есімі бар қанша адам бар екенін анықтады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық бюро статистикасының мәліметі бойынша, Қазақстанда Тенге есімді 72 адам бар. Ал Теңге есімімен 12 адам тіркелген.
Сондай-ақ Тенгебай есімді 10 қазақстандық, ал Теңгебай есімімен 3 азамат тіркелген. Сонымен қатар Актенге (90 адам) және Ақтеңге (56) есімдері де кездеседі.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!