Қазақстанда жұмыртқа бағасы көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Energyprom.kz-ға сілтеме жасап.
Қазан айында бірінші санаттағы жұмыртқаның бағасы 6,3 пайызға, ал биылғы жыл бойынша14,8 пайызға өсті.
Бір айда бағаның ең көп өсуі Ұлытау (19,8 пайыз), Павлодар (14,7 пайыз) және Қызылорда (13,6 пайыз) облыстарында байқалды. Ал ең аз көрсеткіш Алматы облысында (0,4 пайыз) байқалған.
Жыл ішінде жұмыртқа бағасының айтарлықтай өсуі Қызылорда облысында (52,2 пайыз) байқалады. Одан кейінгі орында Қостанай (34,1 пайыз). Алматыда баға керісінше 4 пайызға төмендепті.
Жыл басынан бері елімізде 3,8 миллиард дана жұмыртқа өндірілген. Бұл бір жыл бұрынғыдан 5,3 пайызға артық. Өндіріс көлемі бойынша облыстар арасында Солтүстік Қазақстан көш бастап тұр – 559,9 млн дана жұмыртқа.
Ресурстардың 3,7 пайызын импорт құрады. Жыл басынан бері елге 130,8 миллион дана жұмыртқа әкелінді. Бұл ретте экспорт, керісінше, 2,2 есеге өсіп, 184,5 млн дана жұмыртқаны құрады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!