Бүгін Жалағаш аудандық мәслихаттың мәжіліс залында «Қазақстандық атом: жаңа мүмкіндіктер алаңы» тақырыбында ардагерлердің қатысуымен дөңгелек үстел жиыны өтті.
Дөңгелек үстелге Жалағаш кентінің ардагерлер кеңесінің төғарасы Қожатай Құлмахан, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асылбек Тәуіпбаев, әйелдер кеңесінің төрайымы Эльмира Абсатова және кент ардагерлері, ерікті жастар қатысты.
Жиынды Жалағаш ауданының қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жасұлан Еспенбет жүргізіп, Президент айтқандай референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болғаның атап өтті.
Басқосуда сөз алған ардагерлер тақырып төңірегінде өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, жалпы бейбіт атом энергиясын пайдалану – энергияның тиімділігі мен тұрақтылығына жауап беретін тиімді жоба екенін жеткізді.
«Қазақстандық атом: жаңа мүмкіндіктер алаңы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
09.10.2024
275
0
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!