Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

37°C

, Сейсенбі, 13 мамыр, 16:29

Қазақстандықтар Құрбан айт мерекесіне орай қанша күн демалады

13.05.2025

17

0

2025 жылдың маусымында қазақстандықтар Құрбан айт мерекесіне орай қосымша демалыс алады. 

2025 жылы Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға келіп тұр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дін өкілдерінің ұсынысы негізінде бұл күнді демалыс етіп бекітті.

Демалыс күндерінің кестесі белгіленген жұмыс кестесіне байланысты болады:

Бес күн жұмыс істейтіндер 6, 7 және 8 маусымда (жұма, сенбі және жексенбі) демалады.

Алты күн жұмыс істейтіндер 6 маусым (жұма) және 8 маусым (жексенбі) демалады. Ал 7 маусым (сенбі) жұмыс күні болып қалады.

Осылайша қазақстандықтар мұсылмандардың маңызды мерекесіне орай қосымша демалыс күндерін пайдалана алады.

Құрбан айт күні – құрбандық шалу рәсімін жасау, намаз оқу үшін мешіттерге бару, мұқтаж жандарға көмек көрсету, құрбандық етінің бір бөлігін кедейлерге тарату дәстүрі бар мереке. Сондай-ақ бұл күні адамдар отбасыларымен бірге жиналып, туған-туыстарына, достарына барып, қамқорлық пен мейірім көрсетеді.

Фото: gov.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: