Зейнетке шығу мәселесі – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі байланыс орталығына келіп түсетін ең өзекті және жиі қойылатын сұрақтардың бірі.
2022 жылдың басынан бастап байланыс орталығының операторлары зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша 414 мың 923 сұраққа жауап берді,. Бұл барлық өтініштердің 80 пайызын құрайды.
Байланыс орталығы мына бағыттар бойынша кеңес береді: зейнетақы, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру, еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту, көпбалалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу және басқа да мәселелер.
Күн сайын байланыс орталығының 60 операторы клиенттердің 3-5 мыңға дейінгі өтінішін қабылдайды. Клиенттер үшін ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ресми Тelegram-арнада, сондай-ақ Instagram, Faceboоk желісінде, Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабын жариялайтын боламыз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!